Атырауда көпірден өзенге секірген қыз құтқарылды
27 сәуір, 2026
Фото: 112 kz/Telegram
Бүгін 112 пультіне Атырау қаласында Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыздың суға секіргені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ ақпараты бойынша, құтқарушылар өзен жағасында орналасқан бөлімшеден заманауи Marlin құтқару қайығымен дереу шыққан. Олар шамамен 4 км қашықтықты еңсеріп, оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.
«Құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен қызды байқады. Олардың бірі суға секіріп, қызды ұстап тұрды, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтеріп алды», - делінген хабарламада.
2011 жылы туған бойжеткен жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды