Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 17:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті
Фото: akorda.kz

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін әуежайдан қарсы алды.