Астаналық шорт-трекшілер Қазақстан чемпионатында жүлде қорын толықтырды
Елордада 15–18 қыркүйек аралығында ересектер арасында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Ел біріншілігінің кезекті жарыс күнінде елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделер қорын толықтырды.
«Алау» мұзайдыны сарайында өтіп жатқан бәсекеде ерлер арасында 1000 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Сондай-ақ 2000 метрлік аралас эстафетада Астана қаласының құрамасы қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде де елордалық спортшылар бірқатар жүлдеге қол жеткізген болатын.

Әйелдер, 500 метр:
Малика Ермек
Нұрия Алпысбай
Ерлер, 500 метр:
Богдан Вехов
Әйелдер, 1500 метр:
Малика Ермек
Ерлер, 1500 метр:
Әділ Ғалиахметов
Айбек Нәсен
«Чемпионат барысында Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2026–2027 жылғы маусымда халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама сапын жасақтайды», - деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Қазақстан Республикасының чемпионаты 18 қыркүйекте аяқталады.
Еске салсақ, Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының 558 спортшысы бақ сынайды.