4 қарашада елімізде телеарналар мен радиолар уақытша жұмыс істемейді

Бүгін, 11:29
Думан Аманжол Думан Аманжол
4 қарашада елімізде телеарналар мен радиолар уақытша жұмыс істемейді
Фото: freepik.com

4 қарашада Қазақстанның барлық аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, 4 қарашада сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) 2026 жылдың IV тоқсанына арналған жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 

Осыған байланысты еліміз бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

«Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермендер мен тыңдармандардан кешірім сұрады.