Бүгін «Сарыарқа» ауданындағы Щорс көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.
Өрт 20 минутта 5 шаршы метр аумақта сөндірілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің себебі анықталуда.
Бұған дейін құтқарушылар өрттен екі газ баллонын алып шыққанын жаздық.