Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 10 күн ішінара жабылады

1 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 10 күн ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салынады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Жөндеу жұмысына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады», делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгісі орнатылады.

Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Еске сала кетсек, Астанадағы тұрғын үй қасбетінде ерекше мурал пайда болды.