Астанада Сауран көшесінің Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі жөндеу жұмысына байланысты толықтай жабылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Инженерлік желілерді салу жұмысы 30 шілдеге дейін жалғасады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.