Астанада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтеді

Бүгін, 15:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 24 қазан күні «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылар аумақтарды тазалап, қоқыс жинайды, ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды абаттандырады. Бұл жұмыс саябақтарда, гүлзарларда, аулаларда, сондай-ақ бизнес нысандарының, қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де ұйымдардың айналасында жүргізіледі.

Әкімдік кәсіпорындарды, ПИК пен МИБ-терді, шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қоршаған ортаның тазалығын үшін белсенді бейжай қарамайтын барлық тұрғынды акцияға қатысып, елорданы абаттандыруға үлес қосуға шақырады.

Тұрғындардың бірлескен еңбегі қаланың таза болуына және қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Астана «Менің Қазақстаным» атты ауқымды челлендж өтіп жатыр.