Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
17 сәуір, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
С.Шәймерденов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәлімдеуінше, 18-21 сәуір аралығында «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанындағы учаскеде автокөлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері орнатылады.

Басқарма жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді қаперді ұстауды сұрайды.
Еске сала кетсек, №9 қалалық емханаға дейінгі баратын тұйық көше күзге шейін жөндеуге толықтай жабылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Дүйсенбі Астанада ауа райы қандай болады
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады