Астанада ішімдік ішкен әскери қызметкер полицейді ұрған
23 қаңтар, 2025
Фото: freepik.com
Астанадағы түнгі клубтардың бірінің жанында әскери лейтенант полицейді ұрған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының жазуынша, 1987 жылы туған ҚР МКК «Айбын» полкінің 0112 әскери бөлімінде жұмыс істейтін лейтенант полиция қызметкерін ұрды. Оқиға Астанадағы түнгі клубтардың бірінің жанында болған. Қолына алкогольді сусын ұстаған ер адам полицияның ескертуіне ашуланып, балағаттап, құқық қорғау органының қызметкерін жұдырықпен қойып қалған.
Содан кейін ол наркологиялық диспансерге жеткізілді. Оның масаң күйде болғаны анықталды.
Қазір лейтенант уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚК 378 және 380-баптары бойынша іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді