Астанада футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі өтуі мүмкін
16 шілде, 2025
Фото: kff.kz
Қазақстан футзалдан 2025/2026 маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалын» қабылдауға ресми түрде өтінім берді, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан футзал қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егер УЕФА мақұлдаса, турнирдің шешуші кезеңі 2026 жылдың 7-10 мамыры аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
ҚФҚ бұл бастаманың елдегі футзалдың дамуына серпін беріп, Қазақстанның халықаралық спорттық беделін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Ұйымдастырушылар Еуропаның үздік клубтарын жоғары деңгейде қарсы алып, жарысты жоғарғы деңгейде өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді