Астана вокзалында бір адамды пышақтаған күдікті ұсталды
10 желтоқсан, 2025
Иллюстрациялық сурет: freepik.com
Елорданың «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасымен пышақ жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланғанын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Дүйсенбі Астанада ауа райы қандай болады
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады