Астана колледждеріне құжат қабылдау басталды
Астана қаласындағы колледждерде талапкерлерден құжат қабылдау науқаны басталды. Елордада қазіргі таңда 32 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 9 мемлекеттік және 23 жекеменшік оқу орны бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
2026-2027 оқу жылына колледждерге құжат қабылдау әр мамандықтың ерекшелігіне қарай әр түрлі уақытта жүргізіледі.
25 маусым – 27 тамыз аралығы:
• жұмысшы мамандықтары бойынша;
25 маусым – 22 тамыз аралығы:
• орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына, негізгі және жалпы орта білім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанына;
25 маусым – 20 шілде аралығы:
• шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға;
25 маусым – 10 тамыз аралығы:
• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізіндегі педагогикалық мамандықтарға;
25 маусым – 10 тамыз аралығы:
• негізгі орта білім негізіндегі медициналық мамандықтарға;
25 маусым – 15 тамыз аралығы:
• жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізіндегі медициналық мамандықтарға;
25 маусым – 27 тамыз аралығы:
• ақылы негізде күндізгі оқу нысанына;
25 маусым – 20 қыркүйек аралығы:
• кешкі және сырттай оқу нысандарына.
Айта кетейік, колледждер құжаттарды онлайн eGov порталы арқылы қабылдайды.
Колледжге түсу үшін талапкерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
• оқуға қабылдау туралы өтініш;
• білім туралы құжат;
• 3×4 көлеміндегі цифрлық фотосурет;
• №075/у үлгісіндегі медициналық анықтама;
• жеңілдік қарастырылған санаттарға жататын талапкерлер үшін мәртебесін растайтын құжаттар.
Жеке куәлікті ұсыну талап етілмейді. Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Айта кетейік, 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Астана қаласының колледждеріне жалпы саны 10 300 гранттық орын бөлінді.
Жұмысшы біліктіліктері бойынша 15 колледжге 3 224 орын бөлінді. Оның 6-ауы – мемлекеттік, 9-ы – жекеменшік. 9-сынып базасында – 2 969 орын, 11-сынып базасында – 255 орын қарастырылған. Мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында 6 колледжге 376 орын бөлінді. Бұл бағыт бойынша 47 кәсіпорын бекітіліп, дуалды оқыту мен жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылған.
Инклюзивті білім беру бойынша 5 колледжде 93 орын бөлінді. Атап айтқанда:
• Құрылыс-техникалық колледжі;
• Қоғамдық тамақтандыру колледжі;
• Сервис және туризм колледжі;
• Швейцариялық-американдық колледжі;
• URBAN COLLEGE.
Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына 6 607 грант бөлінді.