Астана әуежайына Аустралиядан 300-ден астам «Ангус» сиыры жеткізілді

Астана әуежайына Аустралиядан 300-ден астам «Ангус» сиыры жеткізілді
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайына Аустралиядан арнайы жүк рейсімен «Ангус» тұқымды 304 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. әуежайдың баспасөз қызметі.

QR8406 рейсімен келген ірі қара Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтіледі. Бұл жеткізілім еліміздегі мал тұқымын асылдандыруға, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған.

Жануарларды әуе көлігімен тасымалдау ерекше жауапкершілікті, мұқият үйлестіруді және тиісті талаптардың сақталуын қажет етеді.

Астана халықаралық әуежайы осындай маңызды жүк тасымалдарын қабылдап, еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Еске салсақ, Астана мен Алматы әуежайларында 19 шетелдік жалған құжатпен шекарадан өтпек болған.