Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді

Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
Фото: ҰОК

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Турнирдің екі дүркін жүлдегері атанған Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді. Осылайша, спортшы жарыстағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін ол техникалық бағдарламада да қола алған еді.

Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова техникалық бағдарламада күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық жұп жарысты екінші орынмен аяқтады.

Осы бағдарламада Айғаным Саим мен Артур Майданов қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт медаль бар. Әлем кубогының кезеңі 3 мамырда аяқталады.

Еске сала кетсек, елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды.