Қарағандыда полицияның тірек пункттерінің бірінен әйел адамның өлі денесі табылды
1 қазан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Полицияның тірек пункттерінің бірінен азаматшаның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.
«Барлық іс-әрекеттер мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды