Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды
28 ақпан, 2025
Фото: primeminister.kz
Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Әсет Ерғалиев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ал Абай Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
13 сәуір, 2026
Мемлекет басшысы екі жаңа елшіні тағайындады
1 сәуір, 2026
Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды
25 наурыз, 2026
Нұрлан Байбазаров Президент көмекшісі болып тағайындалды
25 наурыз, 2026
Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды