Қанат Құлшыманов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болған Асқар Омаров лауазымынан босатылды.