Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Президент бірқатар құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады.