Абзал Тұлыбеков көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды

2 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Абзал Тұлыбеков көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Абзал Тұлыбеков VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан (қырғыз стилі бойынша) Қазақстан құрамасының спортшысы Абзал Тұлыбеков үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

Дәлдік пен мергендікті, шеберлік пен сабырды талап ететін ұлттық спорт түрінен Абзал Тұлыбеков қарсыластарынан басым түсіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды.