80 млн теңге иемденген: Қылмыстық топтың соңғы мүшесі Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Күдікті 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдау және ірі мөлшерде алаяқтық жасауға бірнеше рет жәрдемдескен.
Атап айтқанда, күдікті мен оның сыбайластары Instagram-ды пайдаланып, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компанияларына ақша инвестициялауға үгіттеген. Ақшаны алғаннан кейін, оларды топ мүшелері бөлісіп, өз қажеттіне жұмсаған. Алаяқтардың әрекетінен еліміздің түрлі өңіріндегі 75 азаматқа шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыс жасалғаннан кейін 4 сыбайлас түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, сотталды, ал соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой таласап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
2025 жылғы наурызда ол Ресей аумағында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған жасағаны қылмыстарды үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Еске салсақ, Қарағандыдағы автогаз құю стансасына 670 мың теңге айыппұл салынды.