Көркем гимнастика: Астана спортшылары Қазақстан чемпионатында топ жарды


Астана қаласында көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көпсайысқа 62 гимнаст қатысып, жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшы Айым Мейіржанова 107.900 ұпаймен чемпион атанды. Екінші орынды тағы бір астаналық спортшы Эрика Жайлаубаева (106.500 ұпай) еншілесе, үздік үштікті шымкенттік Милана Парфилова (102.950 ұпай) түйіндеді. Төртінші орынға астаналық Дария Күшербаева (102.700 ұпай) жайғасты.
Жеке көпсайыс нәтижесі:
1-орын: Айым Мейіржанова (Астана) — 107.900 ұпай
2-орын: Эрика Жайлауова (Астана) — 106.500 ұпай
3-орын: Милана Парфилова (Шымкент) — 102.950 ұпай
4-орын: Дария Күшербаева (Астана) — 102.700 ұпай14 өңірдің командалары арасындағы бәсекеде Астана құрамасы басымдық танытып, жалпы 409.400 ұпай жинап, топ жарды. Екінші орын Қарағанды облысына (335.550 ұпай), ал үшінші орын Шығыс Қазақстан облысына (335.250 ұпай) бұйырды.
Командалық есеп:
1-орын: Астана қаласы — 409.400 ұпай
2-орын: Қарағанды облысы — 335.550 ұпай
3-орын: Шығыс Қазақстан облысы — 335.250 ұпай
Жеті команда сынға түскен топтық жаттығу бағдарламасында да астаналықтар қарсылас шақ келтірмеді.
Топтық жаттығу қорытындысы
1-орын: Астана қаласы — 51.150 ұпай
2-орын: Шығыс Қазақстан облысы — 45.950 ұпай
3-орын: Солтүстік Қазақстан облысы — 39.650 ұпай



