Балаларды құтқарған астаналық тұрғындар марапатталды

27 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Балаларды құтқарған астаналық тұрғындар марапатталды
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі қайғылы жағдайдың алдын алып, балаларды құтқарып қалған азаматтардың батырлық әрекеттерін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Астана қаласының тұрғындары Болат Мұсабаев пен Санжар Русланұлы көрсеткен батылдығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев марапатталғандар көрсеткен қырағылық пен батылдықтың маңыздылығын атап өтті: «Қырағы азаматтарымыздың арқасында қайғылы жағдайға жол берілмей, балалардың өмірі құтқарылды. Өз өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан, нағыз батыл әрекетке бардыңыздар, бұл нағыз – ерлік».

Оқиға мамыр айының басында Астананың спорт кешендерінің бірінің жанында болды, онда батырлар 2014 және 2015 жылы туған екі баланы құтқарды. Зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін олар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұл оқиғалар азаматтық жауапкершіліктің күші мен қиын уақытта көмекке келуге дайын екендігінің айқын көрінісі. Министрлік жанқиярлық пен барлық қазақстандықтар үшін жоғары моральдық үлгі болған батырларға ризашылығын білдіреді.