Астаналық спортшы Албаниядағы турнирде топ жарды
3 наурыз, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол 72 кг дейінгі салмақта үш белдесу өткізіп, алтын медаль еншіледі.
Алғашқы айналымда Жәмила украиналық Алла Белинскаяны жеңіп, кейін америкалық Александрия Глаудқа есе жіберді. Алайда шешуші белдесуде аргентиналық Линда Мачуканы жеңіп, бас жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, енді жарысты грек-рим күресінің балуандары қорытындылайды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қыркүйек, 2026
Астана шорт-трекшілері ел чемпионатында 18 медаль иеленді
22 қыркүйек, 2026
Астаналық студенттер WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына қатысады
21 қыркүйек, 2026
Астаналық садақшылар ел чемпионатында бес медаль жеңіп алды
18 қыркүйек, 2026
Астаналық 70-тен астам спортшы жазғы Азия ойындарына қатысады