Астаналық боксшы жастар арасында Азия чемпионы атанды

23 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық боксшы жастар арасында Азия чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астаналық былғары қолғап шебері Ақбота Есімбекова Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақбота финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Аталған чемпионатқа Азия құрлығының 21 елі қатысты. Олардың қатарында Қазақстанмен бірге Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам бар. Жалпы, 12 салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды.

Айта кетейік, бұл жарыста финалға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасының 12 мүшесі де қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды.