Елордалық оқушы қатарластарының заманауи мамандықтарды меңгеруіне көмектесіп жүр
Байқауға №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушысы Жансұлтан «Python» ғылыми жобасын ұсынған.
Жансұлтан жеңіп алған қаражатқа сайт ашып, оған қажетті техника құралдарын сатып алып, бағдарламашы, web-дизайнер, game-дизайнер сияқты заманауи маман иесі боламын деген замандастарына үлкен мүмкіндік сыйлады. Бастапқыда сабақты онлайн форматта жүргізіп, кейіннен «Ер-Нұр» (Ш.Құдайбердіұлы, 17) оқу орталығында жалғастырды.
Жансұлтанның айтуынша, сабаққа жиналған балалар өте белсенді. Олардың белсенділігі Жансұлтанға да ерекше әсер сыйлаған. Ал оның ата-анасы балаларының көптен күткен арманына қол жеткізгеніне дән риза. Олар осы жобаны ұйымдастырған Жастар саясаты басқармасының ұжымы мен басшысы Қайрат Қамбаровқа алғыстарын айтты.
«Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, осындай алғыр, білімді балаларға қолдау көрсететін осындай жобалар алдағы уақытта жалғасын тауып жатса, онда еліміздің болашағы жарқын болар еді.