Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қайдан көруге болады


Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.
Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Мерейтой аясындағы шеру республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қаласында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Парадқа байланысты бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіліп, автобус бағыттары өзгереді, кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады.
Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.