00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады
фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордалықтар мен қала қонақтарын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Конституция – біздің мемлекеттілігіміздің басты тұғыры, халқымыздың бірлігі мен дамуының символы. Ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын белгілейді, әрі еліміздегі әділеттілік пен құқықтық тәртіптің кепілі саналады. Бүгін осы маңызды күнді атап өту арқылы құндылықтарымызға құрмет танытамыз: бейбітшілік, тұрақтылық, заңдылық және әр адамның құқығын құрметтеу.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – бізді жарқын болашаққа ұмтылуда алға жетелейтін құжат. Ол бізге әлеуетімізді жүзеге асыруда және даму жолында үлкен мүмкіндіктер ашады, сол сияқты ел игілігі жолында атқаратын ісімізге бағыт-бағдар береді.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Әрбір күн сіздерге қуаныш пен жаңа жетістіктерге толы болсын! Ал еліміз өз азаматтарының игілігі үшін дамып, өркендей берсін! Конституция күні құтты болсын!»,- деп жазылған құттықтауда.