00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жеңіс Қасымбек Астананың даму жоспары туралы баяндады

11 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Жеңіс Қасымбек Астананың даму жоспары туралы баяндады
Фото: Е.Каналимов/Facebook

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәслихат депутаттарына қаланың алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндады. Бұл туралы елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана әкімінің айтуынша, келесі жылы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта құру жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар «Қазақстан» спорт кешенінің басым бөлігі салынып, мемлекеттік балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер құрылысы жалғасады. Соңғы бір жарым жылда Астанада 700 жаңа автобус жолға шықты, ал келесі жылы автопарк тағы 300 көлікпен толықтырылады. Келесі жылы 9 жайлы мектеп пен бірнеше бюджеттік мектеп өз есігін ашады. Тұрғын алаптар да назардан тыс қалмайды.

«Өтіп бара жатқан жылдың соңғы кезекті мәслихат сессиясында алдағы үш жылға арналған бюджет бірауыздан қабылданды. Әдеттегідей, қаржылық құжат әлеуметтік бағдарға негізделген. Қаражат медициналық мекемелердің құрылысына, автожолдарды жөндеуге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінді. Сонымен қатар үш жергілікті кәріз-тазарту станциясын, газ тарату станцияларынан тұрғын үйлерге дейінгі желілерді салу жұмыстары басталады. Бюджеттің негізгі бөлігі әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталады», - деп жазды Е.Каналимов.

Сессия барысында мәслихаттың 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған негізгі міндеттер белгіленді.