00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Терезе мен есікті сындырған: Астанада кезекті вандалдар табылып, жазаланды

Терезе мен есікті сындырған: Астанада кезекті вандалдар табылып, жазаланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 

22 қыркүйек күні кешкі сағат 19.00-де 34 жастағы азамат Жансүгіров көшесі, 12 мекенжайында орналасқан үйдің терезесін сындырып, 36 145 теңге шығын келтірді. Мұндай жағдай бірнеше күннен кейін Мұхамедханов көшесі, 12 мекенжайында болды. 39 жастағы ер адам пәтердің алдыңғы есігін әдейі бұзған.

Тәртіп бұзған екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіп жатыр. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген әрекетін болдырмау және тазалық пен тәртіпті сақтау.

Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары атсалысып жатыр.
Жыл басынан бері сот 250 адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпыға ортақ аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.