Табиғат Зейнұлқабден «Астана орманы» ЖШС ұжымын құттықтады
18 сәуір, 2025
Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Астана орманы» ЖШС ұжымының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Екі онжылдық бойы «Астана орманы» елордамыздың көгалдандырылуы мен абаттандырылуына баға жетпес үлес қосып, қаланың бірегей табиғи келбетін қалыптастырып келеді. Олардың еңбегі мен кәсібилігінің арқасында Астана барған сайын жасыл, экологиялық тұрғыдан тұрақты әрі өмір сүруге жайлы қалаға айналуда.

«Әріптестеріммен бірге кәсіпорын ұжымына өз ісіне деген адалдығы, жасыл желектерді сақтап көбейту жолындағы тынымсыз еңбегі және азаматтарымыздың экологиялық амандығына деген жанашырлығы үшін шынайы алғысымызды білдірдік», - деп жазды Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды
27 қыркүйек, 2026
Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті
27 қыркүйек, 2026
«Еңбек келбеті»: Астанада еңбек адамдарына арналған фотокөрме өтті
26 қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: «Нұра» ауданында 400-ге жуық ағаш отырғызылды