00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сенатор Бибігүл Жексенбай Астана мәслихаты депутаттарымен кездесті

8 қаңтар, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенатор Бибігүл Жексенбай Астана мәслихаты депутаттарымен кездесті
Фото: ұйымдастырушылардан

Кездесу барысында заңнама, кәсіпкерлік, кәсіптік колледждердің жұмысы, кәсіпорындармен серіктестік, ұлттық спорт, көгалдандыру мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтар талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Ел Президенті аймақтарды дамытуда мәслихаттың жергілікті экономикалық саясатқа әсерін арттырып, мәслихат депуттарының біліктілігін жүйелі түрде арттыру керектігін баса айтты. Сенат пен MIND жобалық кеңсесі мәслихаттар қызметінің тиімділігіне кедергі келтіретін факторларды зерттеп, оларды шешу бойынша  ұсыныстарды Үкіметке жолдадық. Осы мақсатта заңнамалық деңгейде шаралар атқарылып жатыр», - деді сенатор.


Кездесу барысында мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді көтеріп, ашық талқыға салды. Президент аталған жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағандықтан, кәсіптік колледждер мен кәсіпорындардың тығыз жұмыс істеуі аса маңызды болып отыр. Осы тұста мәслихат депутаттары түлектерді жұмысқа орналастырудың тиімді әдістерін қалыптастыру мақсатында мемлекет тарапынан кәсіпорындарға жеңілдіктер жасау жөнінде ұсыныс айтты.

Сенатор талқыланған тақырыптардың маңыздылығын атап өтті және бұл мәселелерді Сенат мінберінде көтеруге ықылас білдірді. Сенат депутаттарының жергілікті өкілді органдар – мәслихаттармен бірлесіп жұмыс істеуі ел мүддесін арттыру жолында өте үлкен рөл атқаратынын, мәслихат депутаттарының осы жолда атқарып жатқан жұмыстарының өзектілігін атап өтті.