Перизат Қайраттың соттағы сөзі жабық форматта өтеді
24 шілде, 2025


www.instagram.com/01k
Перизат Қайраттың соттағы сөзі жабық форматта өтеді. Бұл туралы Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысының судьясы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Барлық жәбірленуші сөйледі. Сот процесіне қатысушылар, оның ішінде айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының жарыссөздегі сөз сөйлеуі енді жабық отырыста жалғасады», - деді судья Санжар Каримов.
Сот отырысының жабық бөлігін журналистер мен іске қатысы жоқ қоғам өкілдері көре алмайды.
Айта кетейік, бұған дейінгі ашық сот отырысын яғни жәбірленушілердің жарыссөзі мен прокурордың айыптау актісін журналистер сот отырысына қатысып, көру мүмкіндігіне ие болған еді.
Ұқсас жаңалықтар

25 шілде, 2025
Qosymsha.kz: Астанада ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды

25 шілде, 2025
«Астана – есірткісіз қала»: елордалық еріктілер есірткі граффити суреттерін бояды

25 шілде, 2025
Астанада Ұлы Дала даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

25 шілде, 2025
Бас прокуратура Перизат Қайраттың ісіне қатысты түсініктеме берді