ҚМДБ ұжымы Астанада әз-Наурыз мейрамын атап өтті

1 мамыр, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
ҚМДБ ұжымы  Астанада әз-Наурыз мейрамын атап өтті
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметінен

Бүгін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай елордада «Әз-Наурыз – ырыс пен ынтымақ мерекесі» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл іс-шара бірлік пен жылулықтың мейрамы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуге бағытталған.

Қазақстан халқының бірлігі күнімен қатар келген мерекелік жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация, діни қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері көрсетіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқы мен түрлі этнос өкілдері арасындағы рухани жақындық пен ынтымақты паш ететін мәдени бағдарлама ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен татулықты арттыру, Наурыз мейрамының рухани және мәдени мәнін кеңінен насихаттау, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болды.