00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мәслихат депутаттары тұрғын үй құрылысына қаржы бөлуді қолдады

20 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Мәслихат депутаттары тұрғын үй құрылысына қаржы бөлуді қолдады
Фото: Е.Каналимов/Facebook

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгінгі таңда елордада әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 38 433 адам тұр. Екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 40 мыңнан асқан болатын, яғни оң динамика байқалады. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері елорда мәслихатының көпшілік тыңдауларында талқыланды.

«Биыл 294 адам несиеге берілетін тұрғын үйге қол жеткізсе, 1 803 адам халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша, ал 155 адам «Елорда жастары» бағдарламасы аясында баспана алды. Кездесу барысында ғимараттардың қасбеттерінің жағдайы, лифт жабдықтарының жұмыс істеуі, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау мәселелеріне қатысты ескертулер айтылды», - деді Е.Каналимов.

Бұл проблемаларды қысқа мерзімде шешу қажет, орындалуын бақылау депутаттар корпусына жүктеледі.

«Тұрғын үй салып, мұқтаж жандарға кілт табыстаумен шектелмей, үйлердегі тәртіпті тұрақты түрде бақылап, ескертулерді уақытылы жою қажет екенін атап өттім. Биыл мәслихат депутаттары халықтың әлеуметтік осал топтары санатына арналған тұрғын үй құрылысына қаржы бөлу мәселесін қолдады. Бұл бағыт елордадағы Amanat партиясы филиалының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында басымдыққа ие», - деп жазды мәслихат төрағасы.