Көкшетау тұрғыны есірткі сатқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды


Синтетикалық есірткі сатуға кінәлі деп танылған Көкшетау тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Отыз жастағы ақмолалық орта қауіпсіздікті қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Іс материалдары бойынша сотталушы курьер-есірткі салушы қызметін өткен жылдың қараша айында бастаған. Ол бір апта «оқу» оқып, ал 9 қарашада бірінші жұмыс күнін бастаған. Бірақ сол күні-ақ оны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстады. Тінту кезінде тергеушілер салмағы 15 грамнан асатын гашиш салынған 16 полиэтилен ораманы әшкереледі. Жедел уәкілдер тағы бір орамды жасырын орыннан тапты», - делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі сот залында зерттелген дәлелдемелер мен қылмыстық процеске қатысушылардың айғақтарының жиынтығымен толық дәлелденді.