00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін кибергигиенаны сақтау қажет - Дастан Қалиев

Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін кибергигиенаны сақтау қажет - Дастан Қалиев
Фото: Elordainfo.kz/Мария Конюхова

Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін қажетті сақтық шаралары туралы айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев алаяқтардың негізгі қолданылатын әдістерін атап өтті.

Олар:

1) Банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан қоңыраулар – бұл әдісті алаяқтар күмәнді банктік транзакциялар немесе алаяқтарды ұстау мақсатында арнайы операциялар жүргізу сылтауымен жаңылыстыру үшін пайдаланады.

2) Онлайн сатып алу – бұл әдісті алаяқтар әртүрлі сауда алаңдарында және әлеуметтік желілерде жоқ тауарлар мен қызметтерді сату кезінде пайдаланады.

3) Фишингтік сайттарды пайдалану –алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар мен платформалар шынайы сайттарға ұқсас болуы мүмкін.

4) Инвестициялық жобалар – әдіс бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестициялармен сипатталады. Қаскүнемдер сайттар жасап, онда платформалар ойдан шығарылған сауда-саттық өткізіледі, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.

5) "What' s App" мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру – бұл үшін алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланады, сосын ол сіздің таныстарыңыздан келіп түседі, ол арқылы алаяқтар сіздің аккаунтыңызға өтеді. Содан кейін олар Сіздің атыңыздан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беруді сұрап, өздері ұсынған банктік шоттарға жіберуді өтінеді.

Сондай-ақ, спикер интернет-алаяқтықтың алдын алудағы маңызды қадам - кибергигиенаны сақтау екенін ескертті.

Сақтық шаралары:

- Күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз, тіпті олар Сіздің жақындарыңыз бен таныстарыңыздан келсе де;

-Ешқашан және ешкімге SMS-хабарламалардан кодты және Сізге және Сіздің банктік шоттарыңызға қатысты басқа да дербес деректерді жібермеңіз;

- Тауарларды әртүрлі интернет-алаңдарда сатып алғанда, сатушы ұсынатын мәліметтердің түпнұсқалығына көз жеткізгенге дейін ешқашан алдын ала төлем жібермеңіз;

- Деректер мен әлеуметтік желідегі аккаунтарының қауіпсіздігі үшін қиын құпия сөздерді қолданыңыз және екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

«Сіз өзіңіздің ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қаржылық сауаттылығын үнемі арттырып отыруыңыз керек.

Қажетті және пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, Сіз жақындарыңыздың, таныстарыңыздың ақшалай жинақтарын сақтауға және оларды алаяқтардын құрбаны болмауынан сақтандыруға көмектесесіз», - деді Д.Қалиев.