Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Қостанайда жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішіп, отырыстың соңы өзара араздыққа ұласады. Басы мен денесіне көптеген соққы алған жәбірленуші қайтыс болды.
«Жауапкершіліктен құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін сотталған», – делінген хабарламада.
Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін күдікті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша тұрғылықты жеріне экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.