00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ербол Махметов: Елордада көші-қон саласында 455 мыңдай қызмет көрсетілді

23 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ербол Махметов: Елордада көші-қон саласында 455 мыңдай қызмет көрсетілді
фото: Астана қаласы әкімдігінен

Бүгін Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ербол Махметов ведомствоның жұмысы туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы сыртқы және ішкі көші-қон процестерін бақылау, шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға, азаматтардың шетелге тұрақты тұруға кетуіне рұқсат беру, азаматтықты қабылдау және одан шығу және халықты тіркеу және құжаттандыру сияқты міндеттер жүктелген.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ішкі істер органдары жұмысының тиімділігі азаматтармен өзара қарым-қатынасы деңгейімен бағаланады. Бұл ең алдымен, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты, Көші-қон қызметі басқармасы 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың сапасы мен уақытылы көрсетілуінен әрбір полиция органының және тұтастай Ішкі істер министрлігінің жұмысы бағаланады», - деді ол.

Сонымен қатар Ербол Махметов мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды автоматтандыруға және электронды нұсқаға аударуға басты назар аударылатынын айтты.

«Осы жылдың 9 айында елорданың көші-қон қызметінің бөлімшелері 453 847 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық түрде, ақпараттық жүйелер арқылы – 38 051 қызмет көрсетілді.  Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген Стандарттарға сәйкес болды, көші-қон қызметі қызметкерлерінің кінәсінен Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетпеу фактілері болған жоқ», - деді Ербол Махметов.