00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

eQonaq: Туризм саласы бойынша қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері жарияланды

21 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
eQonaq: Туризм саласы бойынша қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері жарияланды
фото: Оңалхан Өнерхан

eQonaq жүйесі іске қосылған сәттен бастап 3,3 миллионнан астам турист тіркелген. Ал биылғы қыркүйектегі көрсеткіш 140 мыңнан асты, деп хабарлады Elordainfo.kz туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

eQonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның туризм саласында айтарлықтай өсім байқалды. Бүгінге дейін аталған жүйеде 460 652 заңды орналастыру орындары тіркелген. Бұл көрсеткіш шетелдіктердің отандық туризмге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ eQonaq жүйесінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның әкімшілік орталықтары мен батыс өңірлері туристер үшін ең танымал бағыттар саналады. Елдер бойынша алып қарасақ, Қазақстанға қыркүйек айында ең көп турист Өзбекстаннан (40 452) келген. Кейінгі орындарға Ресей (34 650 турист) және Қытай (15 868 турист) жайғасқан.

«Қазақстанға келген туристердің 39,1%-ы саяхаттау үшін, 28%-ы жеке шаруалармен, 10,3%-ы іскерлік кездесулер үшін, 4,6%-ы жұмыс мәселелері бойынша, ал 18%-ы өзге себептермен елімізге сапарлаған. Туристердің жас ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, елге келетіндердің басым бөлігі 39 жасқа дейінгі азаматтар. Қыркүйек айында орналастыру орындарында болған шетелдік азаматтардың 69%-ы – ерлер, 31%-ы әйелдер», - делінген хабарламада.