05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық дүкендерден киім ұрлаған күдікті ұсталды

|
Photo: Фото: Рolisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық дүкендерден киім ұрлаған күдікті ұсталды

|
Photo: Фото: Рolisia.kz

Астаналық дүкендерден киім ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана қаласы Полиция департаменті жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы жігітті ұстады. Полицияға дүкен өкілі жүгініп, бутиктен құны 110 мың теңгеден асатын Columbia фирмасының ерлер күртесі ұрланғанын хабарлады.

Қауіпсіздік камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер сатып алушылардың бірі күртешені киіп, магнит жапсырмасын жұлып алып, бутиктен шығып кеткенін байқады. Үш күннен кейін күдікті бір күнде спорттық брендтің 2 бутигінен ұрлық жасаған, ол жерлерден де киімді ұқсас тәсілмен алып кеткен. Сол күні күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады.

Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдікті мойындау көрсетпелерін берді, қылмыстық іс тіркелді», - деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗