Астанада балабақшада «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті

Астанада  балабақшада «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті
Фото: Астана қаласы Білім басқармасы

Бүгін Астанадағы №14 «Ақбөпе» балабақшасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Білім басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын дәріптеу, әртүрлі ұлттар өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру.

Фестивальге балабақшаның өзге ұлт өкілдерінің  ата-аналары мен балалары белсене қатысты. Қатысушылар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ата-бабаларынан қалған дәстүрлер мен мәдениеттерін көрсетті. Беларусь, корей, шешен, татар сынды ұлттардың өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, салт-дәстүрлерін таныстырды.

«Біздің балабақшада көптеген ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленуде. Барлық ата-анамен тығыз достық қарым-қатынас орнатылған», - деді балабақша меңгерушісі Қарлығаш Зейнешқызы.

Фестиваль барысында әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдері мен тағамдары, салт-дәстүрлері мен шығармашылық қойылымдары ұсынылды. Қатысушылар қазақ халқының кең пейілділігі мен ынтымағын жоғары бағалап, алғыс сөздерін айтты. Барлық этностар ұлттық әндерді бірге орындап, «Қара жорға» биін биледі.

Іс-шара соңында әр топ түрлі номинация, естелік сыйлықтар мен құрмет грамоталарына ие болды.