Елордадан бір түнде 50 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордадан бір түнде 50 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы, тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

3 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 642 жол жұмысшысы мен 1 811 арнайы техника жұмылдырылды.

Ал 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 211 текше метр қарды 3 351 ауыр жүк рейсімен шығарды.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан полигондарға 4 млн 811 мың 952 текше метр қар 377 089 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.