00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша кеңес беріледі

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша кеңес беріледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 24 тамыз күні «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша кеңес беру жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «Жастар» сарайында сағат 14.30-дан бастап 17.00-ге дейін өткізіледі.

Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші жетіспейтін облыстарға жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау қарастырылған:

1) адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беру;

2) қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беру;

3) кәсіптік оқыту;

4) жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу және т.б.

Сонымен қатар, қоныс аудару бойынша шағын-жәрмеңке 25 тамызда Еңбек мобильділігі орталығында (Мансап орталығы) сағат 09:00-ден 17:00 дейін өткізіледі.