Елордада бір түнде 34 мың текше метрден астам қар шығарылды
22 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,9 мың ауыр жүк көлемінен асады.
Қыс басынан бері полигондарға 367 мың рейс 5 млн текше метр қар шығарылды.
Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, елордада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -30-32, күндіз -16-18 аяз.
Ұқсас жаңалықтар