00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 8-9 маусым аралығында Астана Халықаралық форумы өтеді

29 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 8-9 маусым аралығында Астана Халықаралық форумы өтеді
фото: sputnik.kz

Халықаралық іс –шара аса маңызды  жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу. Осы мақсатта әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Форумға қатысатын құрметті қонақтар тізімі:

-Шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Катар Мемлекетінің Әмірі

-Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті

-Желка Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы

Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры

-Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО)

-Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы

-Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры

-Мирослав Анича, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі Бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің (ДПВМ) көмекшісі

-Ивана Живкович, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның Бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры

-Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)Бас хатшысы

-Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы

-Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ)Бас хатшысы

-Одиль Рено-Бассо, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті

-Масацугу Асакава, Азия даму банкінің президенті (АДБ)

-Сухайл Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі

-Януш Войцеховский, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары

-Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның бұрынғы президенті

-Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі

-Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы

-Даниэл Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары

-Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.

Қандай мәселелер талқыланады?

Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік

Халықаралық даму және тұрақтылық

Энергетика және климаттың өзгеруі;

Экономика және қаржы.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

ҚР Үкіметі ұйымдастырған Форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

 Егер сіз форумға қатысуға мүдделі болсаңыз немесе серіктестік туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Астана халықаралық форумының сайты: https://astanainternationalforum.org

БАҚ қызметкерлері үшін Астана халықаралық форумының БАҚ Қолдау қызметінің электронды поштасы: info@astanainternationalforum.com»,- деп жазылған хабарламада.