Елорда мектептерінде «Жасыл клуб» жобасы іске қосылды

Бүгін, 09:04
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views70
Елорда мектептерінде «Жасыл клуб» жобасы іске қосылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қала мектептерінде оқушылар үшін заманауи қоқыс жәшіктері орнатылды. Әртүрлі түстегі әйнекке, қағазға, пластикке, банкалар мен бөтелкелерге арналған бөлек жәшіктер балаларды тазалық сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға үйретеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл бастама «Жасыл клуб» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр және қазіргі уақытта қаланың 20 мектебінде қолданысқа енгізілген. Жобаның мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру.

Қоқыс жәшіктері алғаш рет №103 орта мектепте қойылған. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін олар әр сыныпқа және мектептің дәліздеріне орналастырылған.

«Бұл – оқушыларды қоршаған ортаға қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарауға үйретудің тамаша тәсілі. Қазіргі таңда балалар үйреніп жатыр, қоқыс жәшіктері лезде толып қалады», - деді мектеп директоры Жанат Тұрысбекқызы.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде бірқатар бастама қолға алынған. Мұғалімдер мен оқушылар қоршаған ортаның тазалығына арналған түрлі жобаларда бірлесе жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта елорда мектептерінде жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.