00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада климаттың өзгеруі жөнінде конференция өтті

15 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Елордада  климаттың өзгеруі жөнінде конференция өтті
Фото: ведомство

Астанада еліміздегі климаттың өзгеруі бойынша жергілікті жастар конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

 «Бұл алаң климаттың өзгеруі және экологиялық проблемаларға бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін жасалған, мұнда жастардың пікірі шешуші рөл атқарады. Талқылауларға сарапшылар, саясаткерлер және экологиялық белсенділер де қатысты», - делінген хабарламада. 

Конференцияның негізгі тақырыптары: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі», «Климат өзгеруінің су секторына әсерін бағалау», «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін жергілікті шешімдер», «Қазақстандағы жасыл, тұрақты және заманауи энергетиканы жаппай енгізу мен қолданудың маңызы, болашақ перспективалары».

LCOY Kazakhstan 2024 нәтижесі ретінде Қазақстан жастарының ұсыныстарымен баяндама дайындалады, ол Бакуде өтетін ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында ұсынылады.