Биыл 19 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланды


Биыл экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізе отырып, 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176,6 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 4,9 млн шаршы метр тұрғын-жай немесе 45,1 мың пәтер пайдалануға берілді», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау есебінен осы жылы кредиттік тұрғын үйдің 12 мың пәтерін және 5,1 мың жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.
Бытыр республика бойынша 18,9 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 182 мың тұрғын үй салынды.



