00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» – «Динамо Мн» матчы: жанкүйерлер үшін арнайы автобустар қатынайды

«Барыс» – «Динамо Мн» матчы: жанкүйерлер үшін арнайы автобустар қатынайды
фото: Астана қаласы әкімдігі

13 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Динамо Мн» командалары арасында хоккейден матч өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін ойын өтетін жерге арнайы автобустар қатынайтын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру матч билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Жанкүйерлердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ету және қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында әкімдік арнайы автобустарды іске қосады. Олар бірнеше орыннан аттанады:

1. «Қазақстан СК» тұрақ аймағы;

2. Орталық саябақ (шамамен сағат аумағы);

3. Халықаралық көрме орталығы (ЭКСПО ауданы).

Автобустар 17:00-ден бастап аталмыш орындарда болады. Соңғы маршрут 18:30-да шығады.